Қазақстан Республикасының Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрына 2022 жылы 90 жыл толды.
Біздің театр- бірегей шығармашылық орталық, қазір мұнда ұлттық әртістер мен театр қызметкерледің бесінші буыны қызмет атқаруда, яғни ұрпақ сабақтастығы өз жалғасын табуда.
Театр Қазақстан корейлері мәдениетінің орталығына айналып, тарихи үдерістің нәтижесінде қалыптасқан этномәдени орталықтың да міндетін атқаруда. Біздің спектакльдеріміз-бұл біздің мемлекетіміздің этномәдени саясатының көрінісі. Бәріміздің отанымыз, тағдырымыз ортақ, болашақ ұстанымыз бір, біз Жаңа Қазақстанның азаматтарымыз.
Сондықтан да қазақстандық театр әлемі әртүрлі тілдерде сөйлейді, ал корей театры – бұл мәдениет саласының сан алуандығы мен дамуының нақты көрінісі әрі мемлекеттік сарабдал саясаттың айқын нәтижелерінің бірі.