Кумихо атты түлкі бірде ананың махаббатын көріп, өзінің адам болуды, махаббатқа ие болуды және адам баласын дүниеге әкелуді армандайды. Кумихоның мақсатына жетудегі табандылығы әпкесі Сойё мен Тэмин қайтыс болғаннан кейін шексіз болды: енді оның бойында адамдарға деген мейірім де, аяушылық та қалған жоқ.
Ол табиғаттың тылсым күшіне тауелденіп, өз арманына жету үшін адамзатты құрбан етуге бел буады. Джун Ву есімді бала Кумихо үшін мақсатына жеткізетін тағдырлы жолына айналады. Алайда, аңсаған сәт жақындаған сайын, Кумихо жан дүниесінде бір сұрақты мазалай бастайды: «Адам болу дегеніміз шынымен не? Оның мәні неде?» – деген сұраққа тап болады.
Түлкі мен баланың арасындағы достық қайда апарады? Кумихо өз ішіндегі аңдық табиғатпен арпалысып, жеңіске жете ала ма?
Ұзақтығы 1 сағат 20 минут
Орындаушылар:
Кумихо, 9-құйрықты түлкі – Ли Наталья
Ай құдайы – Югай Ангелина
Сойё (Кумихоның әпкесі, 5-құйрықты түлкі) – Ким Надежда
Юонг (аңшы) – Махпиров Алишер
Бэкхен (Юонгтың ұлы, түлкі аңшысы) – Арипов Данияр
Тэмин – Пак Константин
Джуни, Джун Вудың анасы – Ашимова Енлик
Джун Ву – Клишин Александр
Иттер, түлкілер, ауыл тұрғындары – Тен Елена, Бапова Аяна, Хван Валерия, Бақытханова Гүлмира, Зейнолла Ақбота, Когай Анель,
Қойылым тобы:
Қоюшы режиссер: Анна Цой
Сценарист: Евгений Ни
Композитор: Нурсултан Тореали
Костюм суретшісі, сценограф: Айнур Есболатова
Жарық беру жөніндегі суретші: Арсений Макаров