
Режиссер
— — —
1996 жылы 11 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2012-2016 жж. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін «Музыкалық комедия театрының актері» бағыты бойынша арнайы орта білім алды. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында Г.А. Кожушкинаның шеберлік сабағы бойынша тағылымдамадан өтті.
2016-2021 жж. – Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтын «Театр режиссурасы» мамандығы бойынша, эстрада режиссурасы және актерлік өнер кафедрасын, В. В. Кузьмин мен С. И. Гогунның шеберлік сыныбы бойынша үздік дипломмен бітірді.
Кобо Абэнің аттас романының желісі бойынша «Құмдағы әйел» атты дипломдық драмалық спектакль Алматы қаласындағы ARTиШОК Эксперименталды театрының сахнасында қойылды. Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет және өнер институтын бітіргеннен кейін Екатерина Пен ARTиШОК театры құрамында шығармашылық қызметін бастап, 2021 жылы актерлік-режиссерлік курстың кураторы және «пластикалық театр режиссурасы» пәнінің оқытушысы қызметін атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап – Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының режиссері қызметінде жұмыс істеп келеді.
Атқарған жұмыстары:
«Балықшының қызы», реж. Юлдус Бахтиозина. Тұсаукесері – 2020 жыл. – Актриса.
Кобо Абэнің «Құмдағы әйел» романының желісі бойынша қойылған драмалық спектакль. Тұсаукесері: 2021 жылғы сәуір. Эксперименталды «ARTиШОК» театры – Режиссер, инсценировка авторы.
Софья Гордеева-Уфимцева жазған «Бейтараптар» пьесасының оқылымын сахналау.
Қазіргі заманғы драматургия фестивалі «Drama.kz», «ARTиШОК» театры.
Тұсаукесері: 2021 жылғы қазан. – Режиссер.
Site-specific жанрындағы театрландырылған шоу – «SOAP OPERA POWDER SHOW».
Тұсаукесері: 2022 жылғы ақпан–наурыз айлары, Powder кеңістігі, Алматы қаласы. – Режиссер, продюсер.
Site-specific жанрындағы театрландырылған шоу – «IVY THRILLER». Тұсаукесері: 2022 жылғы мамыр, IVY кеңістігі, Алматы қаласы. – Режиссер, продюсер.
Музыкалық-поэтикалық спектакль – «I’m a woman». Тұсаукесері: 2022 жылғы шілде, VANGOG кеңістігі, Алматы қаласы. – Режиссер.
«Маған бес мың жыл» театрландырылған перформансы, режиссерлері – Татьяна Ким мен Анатолий О. Көрсетілім «Есіктің ар жағында» көрмесі аясында өтті – Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әлеуметтік арт-жоба. Ұйымдастырушылар: CITIX — Smart City, AdTech, Binance NFT. Тұсаукесері: 2022 жылғы қазан, Орталық музей, Алматы қаласы. – Актриса.
«Тереңге бойлау» қысқаметражды фильмі, режиссері – Аружан Маратқызы. Тұсаукесері: 2022 жылғы қазан. – Актриса.
«SPOTLIGHT | ЖАРҚЫЛ» – Корея Батырларының ұрпақтары туралы деректі фильм.
Сценарий авторы – Евгений Ни. «DOKNIP PATRIOT» қорының қолдауымен жүзеге асырылған бірлескен жоба. Тұсаукесері: 2022 жылғы қараша. – Режиссер.
«Қобыланды» драмалық-пластикалық спектаклі, спектакль режиссері – Анна Цой.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2022 жылғы желтоқсан. – Қойылымның екінші режиссері.
«Қар патшайымы.TV» музыкалық спектаклі, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2022 жылғы желтоқсан. – Режиссер, инсценировка авторы.
«Сұлуның жүрегі» эстрадалық спектаклі, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2023 жылғы наурыз. – Режиссер, сценарий авторы.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында Бертольт Брехттің «Мещандар тойы» пьесасының желісі бойынша қойылған «Прозит!» сюрреалистік драмасы. Тұсаукесері: 2023 жылғы қазан. – Режиссер, инсценировка авторы.
Спектакль Қазақстан театр сыншылары қауымдастығы тарапынан 2023 жылдың үздік хореографиясы мен балетмейстерлік жұмысы үшін марапатталды, сондай-ақ келесі номинациялар бойынша атап өтілді: «Жыл спектаклі», «Жыл дуэті», «Жыл актрисасы» – Надежда Ким ана рөлін сомдағаны үшін.
«Қозғалыстағы портрет» бейнебаяны, «DOKNIP PATRIOT» қорымен бірлескен жоба.
Тұсаукесері: 2023 жылғы қараша. – Режиссер, сценарий авторы.
«Жерұйық» фотожобасы. Фотограф – Аружан Айтенова. Стилист – Абзал Сейдин.
MOB канадалық журналында жарияланған, 2024 жылғы қаңтар. – Продюсер.
«Бәрі де махаббат жайлы» музыкалық-поэтикалық концерті, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2024 жылғы наурыз. – Режиссер, сценарий авторы.
«Жүректен шыққан әуендер» музыкалық-поэтикалық концерті, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2024 жылғы мамыр. – Режиссер, сценарий авторы.
«Инь-Янь» театрландырылған қойылымы, сценарий авторы – Евгений Ни.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2024 жылғы маусым. – Режиссер.
«Алға қадам басатын орын» атты қысқаметражды спектакль – Корея тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың ұрпақтарына арналған, «DOKNIP PATRIOT» қорымен бірлескен жоба. Сценарий авторы – Евгений Ни. Пластикалық шешімнің режиссері – Анна Цой. Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2024 жылғы қараша. – Режиссер.
«Көбелек» – Жанаргүл Солтиева пьесасының желісі бойынша қойылған сюрреалистік драма, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2024 жылғы желтоқсан. – Режиссер, инсценировка авторы.
«Сольналь 2025. Қысқы түндегі түс» атты корей Жаңа жылына арналған театрландырылған мерекелік шара, Сценарий авторы – Евгений Ни. Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры. Тұсаукесері: 2025 жылғы қаңтар. – Режиссер.
«ҮШ ТЕАТР» зертханасы – Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Қ. Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры және Республикалық академиялық неміс драма театры арасындағы бірлескен жоба. Тұсаукесері: 2025 жылғы ақпан–мамыр айлары. – Режиссер, ұйымдастырушы.
2024 жылдан бастап Екатерина Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театртану» мамандығы бойынша «Театр өнерінің теориясы мен тарихы» кафедрасында магистратурада білім алуда.
Жарияланымдар:
«Қазақстандық корей театрындағы мәдени интеграция және ұлттық бірегейлік идеясының трансформациясы» №25 (2025): «Qazaqtanu» республикалық ғылыми журналы
Жарияланған күні: 2025 жылғы 26 наурыз.
Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, шеберлік сыныптары, марапаттар:
«Трома» студиясының негізін қалаушы Ллойд Кауфманның режиссурасы бойынша мастер-класс, – маусым, 2018 ж.
Мастер-класс «Пластика, қозғалыс, сөз…» Наталья Фиссон, Санкт – Петербург театр серіктестігі «Комик-трест», – наурыз, 2019 ж.
«Степ-эстрадалық нөмірлерді қою кезінде пластикалық шешім құралы ретінде». Мастер – класс, М.М. Умалец – Санкт-Петербург степ әуесқойлары федерациясының вице – президенті, – наурыз 2019 ж.
V-ші Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияның тыңдаушысы «Эстрада. Сахнаны бейнелеудің өзекті мәселелері», конференция қатысушылары: Стефано Мария Капилупи, профессор Даниэль Донати (Италия); Ресейдің Халық әртісі В.А. Кривонос; Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Фируза Сабитова (Өзбекстан), – наурыз 2019 ж.
«LXVII INTERNATIONAL CONTEST OF STAGE ART. Gifted children and youngsters support fund» байқауның III дәрежелі лауреаты. СПБГИК, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласы. «Театр шығармашылығы» номинациясы – 2023 ж.
«ӨНЕР 2025» креативті индустриядағы жобалардың, стартаптардың II Халықаралық байқауында I дәрежелі Лауреат, «Цифрлық дәуірдегі мәдени сәйкестілік: Корей театрының визуалды стратегиясы» жобасы. Алматы қ. – сәуір 2025 ж.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Вице-министрі А.Сыдықовтың атынан «Алғыс хат». – Астана, 2025 ж.