Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі
1910-1996
— — —
Актер, режиссер, драматург, аудармашы
— — —
Ли Гир Су-Мәскеудегі Гитисте арнайы білім алған алғашқы кәсіби маман. Ли Гир Су-Корей театрының негізін қалаушылардың әрі ұйымдастырушыларының бірі, ол сондай-ақ Ен Сен Ен, Ким Дин, Ли Хам Дек, Цай Ен, Цой Бон До секілді өнер қайраткерлерімен деңгейлес тұлға.
Оқуды бітіргеннен кейін Ли Гир Су корей театрында студия ашып, актерлік шеберлік пен Станиславский жүйесінен сабақ берді. Бұл арнайы курстан театрдың барлық актерлері білім алды. 30-шы жылдары Ли Гир Суге, Тхай Дян Чун және Цой Гир Чунмен бірге нақты оқиғаларға негізделген пьеса жазу тапсырылды.Олар екі ай бойы балық аулайтын кемеде оңаша жерде отырып, пьеса жазды, 1936 жылы театрда “Өтпелі Қызыл Ту” атты қойылымы қойылды. Бұл спектакль көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғарғы бағаға ие болды.
Ли Гир Су киноға түскен алғашқы корей актерлерінің бірі болды. Бірақ ол тумысынан театр актері болатын, сахнада 50-ге жуық ғажайып рөлдерді сомдады. В. Треневтің” Любовь Яровая ” спектаклінде Михаил Яровойды, Цай Енаның “Сим Чен қыз туралы аңыз” спектаклінде Симнің соқыр әкесін, Тхай Дян Чунның аттас спектаклінде Хон Бом Доны, М. Горькийдің “Егор Булычов және басқалар” пьесасында Егор Булычовты, Мен Дон Уктың “Солтүстікке жол”пьесасында Хын Черді сомдады, мұның барлығы осы актер бейнелеген тамаша туындылар болатын. 1952 жылы Ли Гир Суге Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.
Ли Гир Су керемет актер ғана емес, сонымен қатар мықты театр режиссері де болды. Оның қойылымдық жұмыстарының қатарында “Хон Бом До”, Константин Заслонов”, Козы-Көрпеш және Баян Сұлу”, “Күндер мен түндер”сияқты спектакльдерді ерекше атап өтуге болады.
Ли Гир Су аударма саласында да өнімді еңбек етті. Ол аударған көптеген шығармалар ұзақ жылдар бойы корей театрының сахнасында қойылып, көрермендердің жоғарғы бағасын алды.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Ли Гир Су Қызылорда облыстық радиохабар тарату редакциясында корей тілінде редакторы болып жұмыс істеді. Осы қызметінде ол өз тыңдармандарын корей театрының қойылымдарымен тұрақты түрде таныстырып отырды.