Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі
1926-1987
— — —
Актер
— — —
П. А. Ким өнерге ізденіс арқылы келген актер болатын және ол аса еңбекқор болды. Осы қасиеттерінің арқасында ол Еңбек сіңірген артист атағына қол жеткізді. П. А. Ким машина жасау техникумын бітірген. ҰОС кезінде еңбек майданында қызмет етті. Корей театрына 1949 жылы келді. Корей тілін жетік меңгерген ол, қызықты рөлдерді сомдады, олардың ішіндегі ең жақсысы: корей аңызының желісі бойынша “Қоян туралы аңыз” спектакліндегі Бұғы, Хан Диннің пьесасы бойынша “Тірі Будда” спектаклінде Есун, Ғ. Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш пен Баян сұлу” спектаклінде Жантық және т. б. ең сәтті рөлдер еді П. А. Ким сатиралық кейіпкер болып саналды. Ол сондай-ақ актерліктен басқа да таланттарға ие болды. Өлеңдер, пьесалар жазды, суретшілер туралы керемет эскиздер жасады, “Ленин кичи”газетінің штаттан тыс белсенді тілшісі болды. 1984 жылы оның “Көктемгі толқулар” пьесасы бойынша комедиялық қойылым қойылды.