4 маусым Қазақстан Республикасы рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер елдің тәуелсіздігі мен тәуелсіздігінің белгісі. Бұл күнді барлық мемлекеттік мекемелер атап өтеді. Бүгін Мемлекеттік республикалық корей академиялық театрында да осы рәміздер күніне орай салтанатты шара болып өтті. Театр директоры Любовь Августовна ни ұжымды осы күнмен құттықтай отырып, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығына тоқталды. “Әрбір тәуелсіз елдің мемлекетінің рәміздері болды. Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін әлемге танушы басты құндылықтар. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік пен еркіндіктің белгісі. Сондықтан еліміздің рәміздерін құрметтеп оны қорғау, сақтау бәріміздің міндетіміз” деп атап өтті. Басшылық мемлекеттік әнұран айтумен жалғасты.
Жалпы мемлекеттік Республикалық корей академиялық театры тәуелсіздіктің нысаны болып саналатын мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсетеді.