Бүгін 16 наурызда HANYANG университетінің (Оңтүстік Корея) профессоры Ли Санг Ин Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында болды.
Корей театрының директоры және бас режиссері Любовь Нимен кездесу барысында елдердің ортақ мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған өнер саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.