Бүгін, 18 мамырда корей театрында балаларды қорғау күніне арналған “Жиренше және Қарашаш” музыкалық ертегісінің премьерасы өтті.
Жастар жылында спектакль режиссерлері рөлінде театрдың жас мамандары Надежда Ким мен Анна Цой, ал хореографтар рөлінде театрдың балет труппасының жетекші әртістері Лаура Ержігітова мен Гүлмира Бақытханова өнер көрсетті.
Корей театры “Жиренше және Қарашаш” спектаклімен қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша шығармалар топтамасын жалғастыруда.