Театрымыздың драмалық труппасы Корея Республикасы бойынша гастрольден оралды (01-05.11.2018). Корея Республикасының Әскери академиясы (Сеул қ.) мен Декен қ. мәдениет сарайының сахналарында корей халқының аңызға айналған азат етушісі Хон Бом Додың 150 жылдығына арнайы қойылған “Командир Хон” спектаклі үлкен жетістікпен өтті.
Корея Республикасы Парламентінің, Қорғаныс Министрлігінің, Мәдениет және туризм министрлігінің, Генерал Хон Бом Доды еске алу қоғамының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан көрермендер театрымыздың шығармашылығына жоғары баға берді!