21 мамыр күні Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ауқымды мәдени шара Қазақстан, Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген кәсіби қуыршақ театрларының басын қосып, қала тұрғындары мен қонақтарына қуыршақ өнерінің үздік үлгілерін тамашалауға ерекше мүмкіндік сыйлады.
Құттықтау сөз сөйлегендер:
- «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Театр өнері басқармасының бас сарапшысы Мырзашева Гульнафис Советхановна.
Іс-шараға өнер қайраткерлері, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ «ТҮРКСОЙ» ұйымының өкілдері қатысты.
Ресми бөлім аяқталған соң, фестивальдің бай бағдарламасына жарқын бастау болған алғашқы конкурс қойылымы Өзбекстанның Самарқан облыстық қуыршақ театрының Ф. Мирзаев пен А. Ниязовтың «Али Кушчи» атты спектаклі сахналанды.
Конкурс қойылымдары Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Тотальный театры сахналарында өтеді.
Фестивальдің конкурс қойылымдарын Қазақстан, Молдова, Тәжікстан және Түркиядан келген танымал театр қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.
Қойылымдарға кіру билет бойынша.
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:
+7 700 992 35 83
+7 727 292 16 63