28 сәуiр күні Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының сахнасында “Ортеке” VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
“Үздік спектакль” номинациясының жеңімпазы болып- “Ұсқынсыз үйрек” спектаклі үшін Иакоба Гогебашвили атындағы Кутаисий мемлекеттік кәсіби қуыршақ театры танылды.
Ал “Үздік актерлік шеберлік”номинациясының жеңімпазы -” Мен бір жұмбақ адаммын. Абай” қойылымы үшін Мемлекеттік қуыршақ театрына берілді.
“Үздік қуыршақ шебері” номинациясының жеңімпазы болып – “Хонг Доджи және Исими”спектаклі үшін Ffwang театрының актері Кван Со Ёнг танылды.
“Үздік сценография” номинациясы – “Дюймовочка”спектаклі үшін Тотальный театрдың суретшісі Юлия Черноваға берілді.
“Қуыршақ бойынша үздік суретші” номинациясының жеңімпазы болып – Ақтөбе облыстық “Алақай” қуыршақ театрының суретшісі Әсия Құрманалинаға “Ақ кеме”спектаклі үшін берілді.
“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” спектаклі үшін Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұйымдастыру комитетінен арнайы сыйлығын иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!
“Ортеке” VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі апталығында бізбен бірге болған барлық көрермендерге алғыс айтамыз.