Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры
  • Театр туралы
    • Жаңалықтар
    • Ұжым
      • Әкімшілік
      • Көркемдік-басшылық құрам
      • Театр ардагерлері кеңесі
    • Тарих
      • Даңқ залы
    • БАҚ біз туралы
    • Байланыс
  • Репертуар
  • Әртістер
    • Драма труппасы
    • Балет труппасы
    • Вокал және музыка
    • Мұрағат
  • ONLINE
    • #үйдеоқимыз
      • Корей билері
    • Театр туралы
      • Жаңалықтар
      • Ұжым
        • Әкімшілік
        • Көркемдік-басшылық құрам
        • Театр ардагерлері кеңесі
      • Тарих
        • Даңқ залы
      • БАҚ біз туралы
      • Байланыс
    • Репертуар
    • Әртістер
      • Драма труппасы
      • Балет труппасы
      • Вокал және музыка
      • Мұрағат
    • ONLINE
      • #үйдеоқимыз
        • Корей билері

«Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі

Home > Жаңалықтар > «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылдың 21-29 сәуір аралығында Алматы қаласында, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты кәсіби қуыршақ өнерін насихаттау, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту, қабілетті және талантты әртістер мен режиссерлерді анықтау және ынталандыру, қуыршақ өнері актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігін арттыру, отандық қуыршақ өнерін дамытуға ықпал ету болып табылады.

Өнер мерекесінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан, Грузия, Түркия, Корея, Өзбекстан және Қырғызстанның қуыршақ театрлары балалар мен ересектерге арналған үздік қойылымдарын ұсынады.

Фестивальдің конкурстық қойылымдарын құрамында Қазақстан, Корея, Грузия және Түркияның жетекші театр қайраткерлері бар халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Фестиваль аясында мынандай іс-шаралар өтеді:

– 21 сәуір, сағат 15:00 қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы;

– 22 сәуір, сағат 11:00 фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі;

– 21-28 сәуір аралығында спектакльдер көрсетілімі;

– 28 сәуір сағат 15:00 фестивальдің жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

Конкурстық және конкурстан тыс спектакльдердің көрсетілімдері Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры және Тотальный театр сахналарында өтеді.

Сондай-ақ, фестиваль аясында жетекші актерлер мен режиссерлердің қатысуымен шеберлік сабақтары, дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Фестиваль қойылымдарына кіру тегін.

Қосымша ақпаратты 8-727-292-16-63 телефоны арқылы алуға болады.

 

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры

Біздің театр – бұл бірегей шығармашылық орталық. Театрда корейлер де, біздің көпұлтты елімізде тұратын басқа халықтардың өкілдері де ұрпақ сабақтастығын жалғастырып өнерге қызмет етуде.

Ресми

  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Комплаенс қызметі
  • Қоғамдық қабылдау
  • Даму стратегиясы
  • Нормативтік құжаттар
  • Қызмет көрсеткіштері
  • Өтініштер мен сұраулардың үлгілері
  • Қаржылық есептеулер
  • Антитеррор
  • Ұйымдастыру құрылымы
  • Бос орындар
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Талдау және есептер
  • FAQ жиі қойылатын сұрақтар

МЕКЕН-ЖАЙЫ

  • Бөгенбай батыр көшесі, 158, Алматы, Қазақстан
  • +7 727 292 16 63
  • kor-teatr75@mail.ru

© 2022 Lorem Ipsum web agency. All Rights Reserved.