1 наурызда Астанадағы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күні атап өтілді. “Мың алғыс” мерекелік шарасы аясында Корей театрының ұжымы да қатысты. Көрермендер қонақжай қазақ халқы мен Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударған корейлердің бауырластық өзара қарым-қатынасының пайда болу тарихы ашылған “Жерұйық” театрландырылған қойылымының үзіндісін жылы қарсы алды.