Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты қоғамның көкейінде жүрген талай түйіткілді сұрақтарға шынайы жауап берген ашық әңгіме болды. Мемлекеттің дамуы, қоғамның болашағы, ішкі-сыртқы саясат толық қамтылды.
Қазір әлемдік саясат аумалы-төкпелі күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай сындарлы кезеңде еліміз қандай саясат ұстанып, қай бағытта дамуы керек екені сұхбатта нақты айтылған.
Қоғамдағы игілікті істердің барлығы мемлекеттің оң саясатының арқасында жүзеге асып отырған ауқымды қадамдар. Ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бере отырып, Президентіміз Мемлекетіміздің болашағына қатысты сенімді және нақты қадамдардың жасалғанын, олардың саяси, экономикалық, заңнамалық негіздерінің толық қалыптасқанын және ел экономикасының серпінді дамуына барлық алғышарттардың бар екендігін айтты. Ол үшін еліміздің тұтастығы, оған негіз болатын халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің аса маңыздылығын баса айтты.
Президенттің сұхбатында еліміздің тарихы мен адамгершілік қағидаттарға құрмет көрсетілетінін және ұлттық құндылықтар қатарына жататын наурыздың басты мереке екенін атап өтті.
Біздің Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры да әрқашан рухани мәдениетке басымдық беріп келеді. Корей театры үшін наурызды басты мереке ретінде атап өту дәстүрге айналған. Бұл біздің елімізге және тарихымызға деген құрмет. Наурыз-барлық қазақстандықтарды біріктіретін ортақ мереке. Осы ғажайып мереке кезінде біздің театрда әрдайым тақырыптық қойылымдар болады.
Любовь Августовна Ни
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері