14 наурыз – Қазақстанда Көрісу күні – Амалмерекесі атап өтілетін күн. Бұл – амандасу, жылыжүздесулер мен ізгі тілектердің мерекесі. Бұл күнібарша жұрт көктемнің келуімен бір-бірінқұттықтайды.
«Көрісу күні» мерекесіне орай, бүгін ТемірбекЖүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнеракадемиясының «Хореография» факультетініңқауымдастырылған профессоры, «Достық» орденінің II дәрежелі иегері Лариса Валентиновна Ким Корей театрының «Бидульги» студиясыныңтәрбиеленушілеріне қазақ биі бойынша шеберліксабағын өткізді.
Лариса Валентиновна балаларға қазақ биініңтарихын таныстырып, қазақ әйелдер биініңнегіздеріне үйретті.
Бұл күн мейірім мен өзара түсіністіккенегізделген ерекше жылылықпен өтті. Кішкентайлар құнды кеңестерді ризашылықпенқабылдаса, аға буын даналығы мен өмірліктәжірибесімен бөлісу мүмкіндігіне қуанды. Құшақтасу – ұрпақтар арасындағы бірлік, сүйіспеншілік және ажырамас байланыстыңсимволына айналып, баршамызға қолдау мен жанжылуының маңыздылығын еске салды!