16 және 17 желтоқсанда Корей театрының сахнасында Жұмагүл Солтиеваның пьесасына негізделген «Көбелек» атты философиялық драмасының тұсаукесері өтті!
Өмірдің мәнін іздеген екі жас жігіт іштеріндегі нәпсімен күресіп, өзіндік жолмен өркендеуге тырысады.
Қоюшы режиссер Екатерина Пен қойылған спектакльдің мистикалық атмосферасы терең мағыналы символдық бейнелер мен метафораларға толы, рухани жауаптар іздеуде ішкі шиеленісті тудырады. Көрнекі және музыкалық серия туындының философиялық әсерін ұлғайтып, көрермендерді адам жан-дүниесінің бейнесі және оның қиындықтарды жеңу қабілеті туралы терең ойға салады. Жан-дүниелері алай-дүлей сезім құшағында бір күйіп, бір жанған кейіпкерлерге Анна Цойдың хореографиясы ерекше бір үйлесім тауып, үндесе кетеді. Мария Гольмнің көркем безендірмесі шынайы өмірді елес әлемімен үйлестіретін жұмбақ атмосфераны жасауға ықпал етеді. Элла Байысбаеваның музыкасы қойылымның көңіл-күйіне баса назар аударса, Лиана Стрельникованың ерекше костюмдері кейіпкерлердің бейнелерін айшықтап көрсетеді.
Өмірлік ұстаным, сенім және үміт сынды мәңгілік тақырыптарға арналған «Көбелек» қойылымы 93-ші театр маусымының елеулі оқиғасы атанды.
Көптен күткен тұсаукесерді бізбен бірге бөліскен жандардың барлығына шынайы алғысымызды білдіреміз!