Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры Корея
Республикасында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қайғырып көңіл
айтады.
“Сеулде жүздеген адамның ажалына себеп болған қайғылы хабарды аса
ауыр күйзеліспен қабылдадық. Осы жазатайым оқиға салдарынан көптеген
адамдар қайтыс болды, қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы да бар.
Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Осы бір орны
толмас өкінішті кезеңде, қайғыларыңызға ортақпыз”.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының ұжымы.