11 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің шақыруы бойынша ресми сапар шеңберінде Корея Республикасы Парламентінің делегациясы Парламент спикері Чон Се Гюнмен бірге республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрына барды.
Кештің ресми бөлігін Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Джон Сын Мин ашты.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Божко, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Қазақстан корейлері Қауымдастығының президенті Сергей Огай құттықтау сөз сөйледі.
Өз жауап сөзінде Корея Республикасы Парламентінің Спикері Чон Се Гюн Қазақстан тарапына жылы шырайлы қабылдауы үшін алғысын білдірді, парламенттік делегацияның барлық мүшелерін аудиторияға таныстырды, сондай-ақ бұл сапар мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға және қазақстандық корейлердің ұлттық мәдениетін дамытуға ықпал ететініне сендірді.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін жоғары қонақтардың алдында Корей театрының ұжымы “туған өлкеде”театрландырылған қойылымын ұсынды. Көрермендер кеш бағдарламасын жылы қабылдады.