2018 жылғы 8 қазанда мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрында Қазақстан Республикасы Президентінің “қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру”атты Жолдауын корей жұртшылығы ашық талқылады.
Талқылауға барлық белсенді корей қоғамдық ұйымдары: корей театры, “Коре ильбо” республикалық газеті, Қазақстан кәрістер қауымдастығы, Алматы корей ұлттық орталығы, Қазақстан кәрістер жастар қозғалысы қатысты.
Кездесу барысында Еліміздің Президенті Жолдауының барлық тармақтары қозғалды: корей жұртшылығы өкілдерінің арасында кезекті жолдаудың бағыты – қазақстандықтардың әлеуметтік өмір сүру саласы ерекше шабыт тудырады. Бюджет секторы қызметкерлерінің Көшбасшымыздың қолдауы театр қызметкерлерін ерекше қуантты: мемлекеттің жүргізіліп жатқан жоспарлы саясаты – “Рухани жаңғыру”, “қоғамдық сананы жаңғырту” бағдарламалары, енді мемлекеттік қызметкерлерді қолдау — күтілетін нәтижелерді береді!