Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры
  • Театр туралы
    • Жаңалықтар
    • Ұжым
      • Әкімшілік
      • Көркемдік-басшылық құрам
      • Театр ардагерлері кеңесі
    • Тарих
      • Даңқ залы
    • БАҚ біз туралы
    • Байланыс
  • Репертуар
  • Әртістер
    • Драма труппасы
    • Балет труппасы
    • Вокал және музыка
    • Мұрағат
  • ONLINE
    • #үйдеоқимыз
      • Корей билері
  • Театр туралы
    • Жаңалықтар
    • Ұжым
      • Әкімшілік
      • Көркемдік-басшылық құрам
      • Театр ардагерлері кеңесі
    • Тарих
      • Даңқ залы
    • БАҚ біз туралы
    • Байланыс
  • Репертуар
  • Әртістер
    • Драма труппасы
    • Балет труппасы
    • Вокал және музыка
    • Мұрағат
  • ONLINE
    • #үйдеоқимыз
      • Корей билері
    • Театр туралы
      • Жаңалықтар
      • Ұжым
        • Әкімшілік
        • Көркемдік-басшылық құрам
        • Театр ардагерлері кеңесі
      • Тарих
        • Даңқ залы
      • БАҚ біз туралы
      • Байланыс
    • Репертуар
    • Әртістер
      • Драма труппасы
      • Балет труппасы
      • Вокал және музыка
      • Мұрағат
    • ONLINE
      • #үйдеоқимыз
        • Корей билері

Корей театрының әртістері Сеул қаласында!

Home > Жаңалықтар > Корей театрының әртістері Сеул қаласында!

28 желтоқсанда «Янгчон мәдени қорының» Мәдениет сарайының үлкен залында «Кумихоның құшағы» атты пластикалық-драмалық спектакль қойылды!

Қойылымды тамашалауға келесі ресми қонақтар келді:

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов, «Хон Бом До» қорының басшылығы, Корея ұлттық театрлары комитеті мен Ян Хе Сук қорының негізін қалаушы және бас директоры Ян Хе Сук ханым, Чхунчхоннамдо провинциясының мәдениет қорының директоры О Тхе Гын мырза.

Сондай-ақ, театрымызды қолдауға атақты актриса Пак Чон Джа, «Мулькель» театрының директоры Хён Ок Сон ханым, актриса Ян Ми Ген, «Котхи» театры және басқа да көптеген достарымыз келді.

«Янгчон мәдени қорының» Мәдениет сарайының залы қойылымды тамашалауға келген көрерменге лық толды! Корей көрермендері Корей театрының гастролін асыға күткендей әсер қалдырды. Қойылымның алғашқы минуттарынан бастап көрермендер сахнадағы көріністің ерекше атмосферасына еніп кетті. Қойылымды қос корей және қазақ тілдерінде өткізу арқылы театрымыздың ерекшелігін және Қазақстанның көпқырлы мәдениетін дәріптеудің маңыздылығын ерекше айқындап көрсете алдық.

Қойылымнан айрықша әсер алған көрермендердің таңданысқа толы пікірлері мен бал-бұл жанған жарқын жүздері спектальдың өте жоғары деңгейде өткеніне куә. Бұл жай ғана театр қойылымы емес, корей көрермендерінің жүрегінде терең із қалдырған ерекше оқиға болғаны анық!

Ал 29 желтоқсан күні театр ұжымы үйге оралды. Елдегілер оларды құшақ жая қарсы алды.

Бізді қолдаған барлық жанға алғыс айтамыз! Әсіресе, қойылымды ұйымдастыруға көмектескен Кан Тхе Сик мырза мен оның ұжымына ерекше ризашылығымызды білдіреміз!

Осындай іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, театрымызды шақырғаны үшін Янгчон мәдени қорының директоры Чон Донг Хи мырзаға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз!

Сондай-ақ, ақпараттық қолдау көрсеткені үшін «Qazaqstan» телеарнасына ризашылығымызды айтамыз!

«Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылға үміт көп» демекші, осындай жыл қорытындысымен біз 2024 жылды аяқтаймыз!

Осы жылы бізбен бірге болғандардың барлығына алғыс айтамыз! 2025 жылы сіздерді асыға күтеміз!

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры

Біздің театр – бұл бірегей шығармашылық орталық. Театрда корейлер де, біздің көпұлтты елімізде тұратын басқа халықтардың өкілдері де ұрпақ сабақтастығын жалғастырып өнерге қызмет етуде.

Ресми

  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Комплаенс қызметі
  • Қоғамдық қабылдау
  • Даму стратегиясы
  • Нормативтік құжаттар
  • Қызмет көрсеткіштері
  • Өтініштер мен сұраулардың үлгілері
  • Қаржылық есептеулер
  • Антитеррор
  • Ұйымдастыру құрылымы
  • Бос орындар
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Талдау және есептер
  • FAQ жиі қойылатын сұрақтар

МЕКЕН-ЖАЙЫ

  • Бөгенбай батыр көшесі, 158, Алматы, Қазақстан
  • +7 727 292 16 63
  • kor-teatr75@mail.ru

© 2022 Lorem Ipsum web agency. All Rights Reserved.