Бүгін, 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында қаланы көгалдандыру акциясы өтті. Аталған іс-шара Алматы қаласының қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының аумағында өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған іс-шараның басты мақсаты-жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға қатысуға тарту, сондай-ақ қаламыздың аумағын көгалдандыруға үлес қосу,
Бұл акцияға мемлекеттік Республикалық академиялық корей театрының қызметкерлері қатысты, олар мәдениет және өнер саласындағы әріптестерімен бірге 500-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызды!