“Біздің де күніміз туады”. Қойылым Корея Республикасы Чунчхон – Намдо провинциясының Орындаушылық өнер орталығының театрымен бірлескен жоба. Бұл шара қос мемлекет арасындағы мәдени алмасу жобасына орай жүзеге асып отыр. Тарихи мюзикл, ел басына күн туған қиын кезеңді, тәуелсіздік жолындағы күресті сипаттайды.
Сіз қойылым барысында тарихи оқиғаларға куә боласыз. Сол “кезеңнің” өзіне тән қалыбы және бағыты, ең бастысы – үні бар екенін сезініп, түйсінесіз.
Маусым айының репертуары тарихи оқиғаларға толы болуымен ерекшеленді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні адам, өмірдің құндылығы мен тарих туралы ой түйеді. Корей театры ел тарихына қатысты маңызды мұраларды қашанда халыққа өз қойылымдары арқылы ұсынып келеді.
Біздің театрға келіп, өнерімізді тамашалағандарыңыз үшін көрермендерімізге алғыс айтамыз.
Құрметпен, Корей театры.