Алматыда алтыншы мәрте «» Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтеді !
Осы өнер мерекесіне Өзбекстан, Армения, Грузия, Түркия, Корея, Қырғызстан секілді 13 мемлекеттен театрлар қатысады. Дүбірлі додаға еліміздегі қуыршақ театрларының үздік спектакльдері де қатысып, бақ сынайды.
Фестиваль Арбат даңғылы бойында салтанатты көше шеруімен ашылады. Шара барысында қызықты конкурстық бағдарламалар қойылып, жетекші актерлер мен режиссерлердің қатысуымен баспасөз конференциясы мен шеберлік сыныптары өтеді.
Көрермендер 21-28 сәуір аралығында тамаша да ғажайып қойылымдардың куәсі болады.
Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен екі жылда бір мәрте Қазақстанның әр қалаларында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Биылғы жылы Корей академиялық театры осы сиқырлы ғажайып әлемге қатысушыларға есігін айқара ашты!
Фестиваль 21-28 сәуір аралығында Бөгенбай батыр 158 мекен-жайында орналасқан Корей театрында және Шевченко 114 мекен-жайындағы Тотальды театрда өтеді.
Асыл өнерді бағалайтын көрермен біз сіздерді асыға күтеміз! Ғажайып өнердің куәсі болыңыздар!