Мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының бас режиссері Елена Ким «Жаңа күн» бағдарламасына, «Хабар»телеарнасына барды. Елена «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауық бағдарламасы аясында өнер көрсетіп, көрермендерге Лондондағы театрдың алдағы гастрольдері туралы айтып, шығармашылық жоспарларымен бөлісті.