30 Қарашада корей театры 87-ші театр маусымын ашты. Жаңа театр маусымының ашылуы Тұңғыш Президент күніне орайластырылды. Өзінің алғы сөзінде театр директоры Ни Любовь Августовна атап өткендей”…Мемлекет басшысы жүргізген сарабдал ішкі және сыртқы саясат азаматтардың үйлесімді және жан-жақты дамуы, олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауы үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар сақталатын, әлеуметтік-бағдарланған экономикасы бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етті…”.
Бұған дәлел-корей театры өзінің 87-ші театр маусымын қала орталығындағы жаңа ғимаратта академиялық мәртебеде ашады.
Алматы қаласының мәдени орталығына көшуіне байланысты театр маусымы өткен жылдардағыдай спектакльмен емес, театрдың ең үздік хореографиялық, вокалдық және поэтикалық нөмірлері ұсынылған “менің жерім керемет емес” театрландырылған көрінісімен ашылды.