Бүгін 14 наурызда “мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының” әртістері ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты жарқын концерттік бағдарламамен қарсы алды
Концерттік бағдарламаны балет труппасы дәстүрлі “Веера”биін орындап ашты. Қазақ және корей тілдерінде “Жан ана”, “Мирянг Ариран”, “поппури Калдаякова”, “Тебаль”, “қуанамын”, “Атамекен”, “Ариран”әндері керемет орындалды. Корей театрының әртістері өткен мен бүгінді, серпінді және талғампаз театр репертуарының алуан түрлілігін көрсетті. Ең бастысы, қазақстандық қоғамдағы мәдениеттердің ерекше үйлесімін сезіну мүмкіндігі.
“Біз көп ұлтты елде тұрамыз, сондықтан театр репертуары тек корей тақырыбына ғана құрылмайды. Біздің рухани ортақтығымызды көрсетеміз және сонымен бірге ұлттық мәдениетті сақтап, дамытамыз ” – Елена Ким, бас режиссер.