Бүгін, 25-ші қазан күні сағат 17:00-де Алматы қаласының Достық үйінде мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті!
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы күнімен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан көрнекті мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Олардың қатарында Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының әртістері Цой Роман Павлович пен Ким Григорий Андреевич кірді.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағын – Роман Цой, «Ерен еңбегі үшін» медалін – Григорий Ким иеленді.
Корей театрының ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды! Бұл жетістіктеріңізді – көп жылдық еңбек пен өз кәсібіне толық берілгендіктің, адалдықтың нәтижесі деп білеміз.
Сіздерге алдағы уақытта көптеген қызықты рөлдер, ризашылық білдіретін көрермендер мен шексіз қошеметтер тілейміз!
Біз Сіздермен мақтанамыз!