Бүгін, 25 қараша 2019 жылыҚазақстан Республикасының 1-ші Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Салтанатты ашу алдында Қазақстан Республикасының әні шырқалып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильм көрсетілді.Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры Ни Любовь Августовна ашты.
Қатысушылар: Театр ардагерлері кеңесі, Елбасы 1-ші президент қорының стипендиясы иегерлері және театр қызметкерлері.Тарих ғылымдарының докторы, профессор Кан Георгий Васильевич «Этносарлық келісімнің қазақстандық моделі, Н. Ә.Назарбаевтың моделі» атты баяндама жасады.Баяндамашылардың сөзінен кейін театр актерлері Роман Ким, Виталий Ли, Олег Юндің орындауындағы «Заречная көшесіндегі көктем» фильмінен ән орындалды.Дөңгелек үстелдің модераторлары профессор, ҚР «Мәдениет қайраткері» Батталханов Болысбек болды.