2019 жылдың 9 ақпанында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл — Сольнальді мерекелеуге арналған салтанатты концерт өтті. Бұл жыл сайын қазақстандық корейлер атап өтетін маңызды мерекелердің бірі.
Көптеген қонақтар үшін мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының әртістері театр репертуарының ең үздік халықтық және заманауи нөмірлерінен театрландырылған қойылым көрсетті.