Қазақстан Республикасы күніне орай 25 және 26 қазан күндері, адал Баян сұлу мен асыл Қозы Көрпештің хикаясы, Ғ.Мүсіреповтің аттас пьесасы бойынша, театр сахнасында «Махаббат поэмасы» спектаклінің көрсетілімі өтті.
Қайғылы махаббат туралы аңыз корей тілінде дыбысталып, біздің көрерменнің жанын тебіренте білді. Дина Жұмабаева сахналаған «Махаббат поэмасы» символизм мен театрлық эстетикаға толы, ал Анна Цойдың драмалық пластикасы мен хореографиясы – әрбір әрекетті мән-мағынаға толтырады.
Көрермен сізбен бірге тыныс алса, көңілі босап, кейіпкерлерге жанашырлық танытса, әртістер жаратқан әлемге батып кетсе – бұл театр үшін бақыт емес пе?
Осы күндері бізбен бірге болған әрбір жанға рахмет!