«Алатау» дәстүрлі өнер театрында 1 наурызда Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Алғысым саған, Қазахстан!» атты мерекелік концерт өткізді.
Концертке Роман Ким – «Super star KZ» мега-жобасының финалисті, «I’ m a singer Kazakhstan» жобасының жеңімпазы және Төлеген Рахымбаев – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Корей театрының әртістері қатысты.
Сондай-ақ, театрдың жетекші солисі, халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты, Санкт-Петербургтегі пен Зальцбургтегі Гран-при иегері Ангелина Югай Ақтөбе қаласының әкімдігі ұйымдастырған Алғыс айту күніне арналған «Алғыс бәріңе» іс-шараға шақырылды. Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі, облыстың этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және Ақтөбе қаласының құрметті тұрғындары қатысты.
Алғыс айту күні іс-шараларға өте бай болды!
Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!