2019 жылғы 20-21 қыркүйекте Қарағанды қаласында Мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театрының гастрольдік сапары өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін театр кәрістердің Қазақстанда өмір сүруінің 80-жылдығына арналған «Благословенны будьте навека!» театрландырылған қойылымын көрсетті. Аталмыш қойылымның қоюшы режиссерлері Надежда Ким мен Елена Ким болды. Бұл қойылымда біздің кәріс театрының барлық жанрлары жиналды, бұл драмалық, вокалдық және хореографиялық нөмірлер. Қойылым ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі оқиғаларды баяндайды. Театр әртістері ежелгі Кореяның барлық сұлулығын, одан әрі Қиыр Шығысқа қоныс аударуын, жер аудару кезінде қазақ халқына алғысын, соғыс жылдары мен қазіргі өмірімізді көрсетті. Нөмірлер бірінен кейін бірі ауысып, кәріс этносының өмір тарихы талданды. Ұлттық костюмдер, актерлердің қайталанбас ойыны, вокалистердің қайталанбас дауыстары және хореографиялық композициялар залда ешкімді бей-жай қалдырмады. Спектакль толық аншлагпен өтті. Риза болған көрермендер әртістерге қол шапалақтаудан шаршамады. Әртістер кәріс халқының депортацияланған кезін көрсеткен эпизодтары көрермендердің көңілінде ұмытылмас әсерлер қалдырды. Залда отырған аға буын көрермендері, сол қиын кезеңдердің куәгерлері, сахнадағы барлық оқиғаларды көріп, сол қайғылы уақытты еске алып, көздеріне жас алды.
Біздің театрдың әртістері үшін залда Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ Сик, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Қамқорлық Кеңесі төрағасының орынбасары Р.У.Ким, «Қазақстан кәрістері қауымдастығының» Президенті С.Г.Огай сияқты құрметті қонақтарды көру қуаныш болды.
Гастрольдік іс-сапар күндері Қарағанды облысы кәрістерінің этномәдени бірлестігі өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті, онымен біздің театрды 20 жылдық достық пен ынтымақтастық байланыстырады. Жерлестерді мерейтой күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан атты біздің үлкен тату отбасымызға шығармашылық табыс, бақ-береке және өркендеу тілейміз!