Біз Президентті қолдаймыз!
Мемлекет басшысының «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты баяндамасында тәуелсіздік жолындағы тарихымызбен жаңа міндеттерге тоқталып, жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттарын жасады. Президент жаңа экономикалық саясатыалдағы кезеңде, ең алдымен барлық қазақстандықтардың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. Бұл ерекше қолдауға тұратын батыл шешім болды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығын осы мәлімдемеде қамтып өтті. Президенттің бұл шешімі елдің болашағы, қоғамның дамуы үшін нақты қадам болды.
Болашақ міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдеге мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі. Қазақстан халқы бұл шешімді әрқашанда қолдайды.Бұл заман талабы, уақыт қажеттілігі.
«Жаңа Қазақстанды» бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында бірлесе еңбек етейік. Бұл бәріміздің алдымыздағы ең басты міндет әрі парызымыз!