2021 жылдың 30-қарашасындаМемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық театры Мемлекеттік қуыршақ театрымен бірлесіп Абай Құнанбаевтың даналық ойлары негізінде дайындаған «Атымды адам қойған соң» атты философиялық қойылымының премьерасын ұсынды.
Бұл қойылым Тұңғыш Президент күніне арналды.
Қойылымның режиссерлары – Дина Жұмабаева және театрдың бас режиссеры Елена Ким.
«Атымды адам қойған соң» қойылымы ұлы ақынның даналық ойларын, арманын, ізгілігін паш етті. Ақынның қара сөздері мен өмірлік ұстанымдарынан туындаған спектакль, терең ойға, сырлы сезімге толы. Спектакль барысында ақынның философилық ойлары мен әндері корей мәдениетімен астасып, бай мазмұнға ие болды. Қойылым заманауи қалыпқа бейімделіп, көрермен жүрегінен жол тапты. Ақынның мұралары қай кезең, қай заманда да өз өзектілігін сақтап, адамзатқа тура жол сілтейді. Қазіргі кезеңде де осы құндылықтар аса маңызды. Осы қойылымда көрермендер Абай шығармаларының қазақ және корей тілдерінде қалай үйлесімде болатынын тыңдап, өнердің құдіретіне тәнті болды!