С Международным днем защиты детей!

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы атаулы күнге орай елімізде көптеген маңызды шаралар өтуде. Мемлекеттік республикалық корей академиялық музыкалық комедия театры да бұл шараға жыл сайын өз үлесін қосып, қайырымдылық іс-шарасын өткізіп келеді. Биылғы 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай, бүгін сағат 11.00 -де театр сахнасында «Ең үлкен пайда» атты Алдар Көсе туралы қойылым қойылды. Бұл спектаклдің негізгі идеясы адалдық пен жақсылықты насихаттау, жамандық пен қызғаныш секілді жаман әдеттерді көрсету. Балалар бойына ізгілік пен мейірім секілді жақсы қасиеттерді сіңіру. Қазақ халқының ертегілер желісі бойынша дайындалған бұл спектакль балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жыл сайын 1 маусым күні театр қайырымдылық шараларын өткізіп, балалар үшін арнайы қойылым қоюды дәстүрге айналдырған. Театр репертуарында балаларға арналған көптеген спектаклдер бар, театр басшылығы қашанда балалар шығармашылығына ерекше көңіл бөледі.

 Мемлекеттік республикалық корей академиялық музыкалық комедия театры.

 

1 июня Международный День защиты детей. В честь этой знаменательной даты в стране отмечается множество важных мероприятий. Государственный республиканский корейский академический театр музыкальной комедии ежегодно вносит свой вклад в это знаменательное событие и проводит благотворительное мероприятие. Сегодня, 1 июня в 11.00 часов на сцене театра состоялся спектакль об Алдаре Косе «Самая большая выгода». Основная идея этого спектакля-пропаганда честности и добра, демонстрация вредных привычек, таких как зло и зависть. Привить детям такие хорошие качества, как доброта и честность. Этот спектакль, по мотивам казахских народных сказок, вызывает большой интерес у детей. Ежегодно 1 июня театр проводит благотворительные мероприятия, ставя специальные спектакли для детей. В репертуаре театра много спектаклей для детей, руководство театра всегда уделяет особое внимание детскому творчеству.

Государственный республиканский корейский академический театр музыкальной комедии.

Leave a Reply

Your email address will not be published.