Открытие 89-го театрального сезона

2020 жылдың 24-қазанында Мемлекеттік республикалық корей академиялық  музыкалық комедия театры өзінің 89-шы театр маусымын ашады.

Театр биылғы маусымын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы құрметіне арнамақ. Осы салтанатқа орай ұлы ақынның даналық ойлары тоғысқан «Атымды адам қойған соң» атты туындытеатр маусымының шымылдығын ашады.

Қойылымның режиссері әрі идея авторы–Дина Жұмабаева.Қосалқы режиссер– театрдың бас режиссеры  Елена Ким.

«Атымды адам қойған соң»: қойылымы ұлы ақынның даналық ойларын, арманын, ізгілігін паш етеді. Абай мұралары адамзаттың ортақ мұрасы, ол тек бір ұлттың құндылығы емес, барша халықтың асыл қазынасы саналады. Ақынның қара сөздері мен өмірлік ұстанымдарынан туындаған спектакль, терең ойға, сырлы сезімге толы.Спектакль барысында ақынның философилық ойлары мен әндері корей мәдениетімен астасып, бай мазмұнға ие болады.Қойылым заманауи қалыпқа бейімделіп, көрермен жүрегіне жол тартпақ. Ақынның мұралары қай кезең, қай заманда да өз өзектілігін сақтап, адамзатқа тура жол сілтейді. Қазіргі кезеңде де осы құндылықтар аса маңызды. Ақынның осындай асыл жәдігерлерін театр әртістері көрермендерге паш етпек. Келіңіздер, асыл өнердің жауһарына куә болыңыздар.

24 октября 2020 года Государственный республиканский академический корейский театр музыкальной комедии открывает 89-й театральный сезон.

Занавес театра откроется спектаклем-философской притчей «Если я человеком зовусь». Премьера посвящается 175-летию великого поэта Абая Кунанбаева.

Идейный вдохновитель, режиссёр-постановщик — Дина Жумабаева. Сорежиссер спектакля — главный режиссер театра Елена Ким.

Мысли просветителя и поэта Абая Кунанбаева близки всему человечеству. Его произведения, стихи, слова назиданий актуальны по сей день. Философия поэта известна многим народам. Именно поэтому спектакль представляет собой синтез культур, в нем органично переплелись обычаи и традиции корейского народа с произведениями и «Словами назидания» поэта.Живой аккомпанемент, песни Абая, корейская пластика, философия единства противоположностей не оставят равнодушными зрителей.

В этот сезон театр открывается в не совсем типичных условиях, как, впрочем, все театры мира. Но мы рады встрече с нашими зрителями.