1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Алматы қаласының әкімдігі Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Бұл шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуына елеулі үлес қосқан және елдегі этносаралық келісімді нығайтуға зор еңбек сіңірген көрнекті қайраткерлер марапатталды.
Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – Ни Любовь Августовна Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Театр ұжымы Любовь Августовнаны шын жүректен құттықтайды!
Біз сізді ерік-жігері мықты патриот, өз ісіне шебер шығармашыл тұлға, рухани бай әрі кеңпейіл жан деп білеміз!
Сізге бейбіт өмір, ашық аспан, ұзақ ғұмыр және сарқылмас күш-қуат тілейміз!