18-19 қазан күндері Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының сахнасында «57» event компаниясымен бірлескен жоба болып табылатын «Жан бейнесі» атты спектакль-концертінің премьерасы өтті. Жанды концерттің басты хэдлайнері ретінде «L дуэті» өнер көрсетті!
Көрермендердің реакциясына сүйенетін болсақ, бұл көптен күткен жоба болды! Бұнымен қоса, жанды концертте өткен жылдардағы танымал әндер театр солистерімен орындалып, залдағы көрермендердің ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Бұл кеште күлкі де, көз жасы да, махаббат та болды. Ал, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының «Той жыры» хиті бүкіл залды орнынан дүрк көтеріліп, люстраны орнынан дірілдеп, кештің шарықтау шегіне айналды.
Осылайша, Корей театры таңғалдыруды да, тамсандыруды да және жан дүниенің нәзік сезімдерін қозғауды да біледі деп жалған қарапайымдылықсыз айта аламыз. Келіңіздер және өз көздеріңізбен көріңіздер!