Мемлекеттік Республикалық академиялық корей театрында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Egemen Qazaqstan”газетінде жарияланған сұхбаты талқыланды.
Спикер ретінде сөз сөйлеген театр директоры Елена Ким ұжымды сұхбаттың маңызды бағыттарымен таныстырды.
Президенттің сұхбатында еліміздің тарихы мен болашағына баға беріліп, адамгершілік қағидаттар мен ұлттық құндылықтарға басымдылық берілген.
Сондай-ақ, театрдың Көркемдік жетекшісі Любовь Августовна Ни спикер ретінде сөз сөйлеп, театрдағы рухани басым бағыттар мен отандық мәдениеттің маңыздылығын атап өтті.
31.01.2024