“Мажунг” немесе көптен күткен қонақтар!
Сенбі күні кешке театр сахнада Солтүстік Чолла провинциясынан (Корея Республикасы) келген Чонджу Пхансори хоры өнер көрсетті.
Көрермендер ежелгі музыкалық жанрдың өнерін тамашалады. Осы кеш барысында ертегі, астарлы әңгіме айтылып, әңгімеші-музыканттар көңіл – күй арқылы ырғақты бейнеледі.
“Пхансори” жанрының рухы ерекше, қойылым барысында көрерменмен ашық диалог орнайды. Орындаушының дауысы басты құралға айналады, осы арқылы сахна таңғажайып рухқа толады.
Кеш соңында Чонджу хорының әртістері құрмет ретінде қазақтың халық әндерін шырқады! Бұл көрермендерге ерекше әсер берді.
Біз қонақтарымызға ғажайып өнерлері үшін алғыс айтамыз! Шын жүрекпен және сүйіспеншілікпен, сіздің Корей театрыңыз!