31 мамырда Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрына Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Джин мырза келді.
Лауазымды қонақты театр ұжымы, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғ.А. Майлыбаев, Қазақстан корейлер қауымдастығының төрағасы Ю. Г. Шин және корей жұртшылығы қарсы алды.
Театр өнеріне және арнайы дайындалған қойылымға аса жоғары бағасын берген
Пак Джин мырза, театр ұжымына алғысын білдірді.