4 сәуір күні Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрына, Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ку Хонг Сок мырза келіп, театр ұжымымен жолығып, дайындықтарды тамашалады, театр директоры Е.В Ким, көркемдік жетекші Л.А Ни театр директорының орынбасары Р.Э Тенмен кездесті.
Осы кездесу барысында алдағы кезеңде Қазақстандағы корей театры мен Корей арасындағы мәдени байланыстарды арттыру мәселелері мен жоспарлары талқыланды.