1 наурызда театрда The Korea creative Content Agency (KOCCA) – KOREA NIGHT NETWORK PARTY компаниясымен бірлесіп іс-шара өтті
Бұл іс-шара қазақстандық нарықты корей кинематографы, телехикаялар, мультсериалдар, музыка секілді корей контентімен таныстыру мақсатында өткізіледі.
Осы шара барысында Оңтүстік Кореядан танымал К-контент шығаратын компаниялардың тұсаукесері де өтті. Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры қонақтардың назарына “Бізге 90” концертін ұсынды.
Бұдан кейін оңтүстік кореялық және қазақстандық компаниялардың өкілдері ынтымақтастық байланыстарды арттыру бойынша өзара келісімдер жасап, іскерлік қарым-қатынасты арттыру мәселелерін талқылады.