22 қаңтарда Республика сарайында Қазақстан корейлер қауымдастығы мен Алматы Корей ұлттық орталығы ұйымдастырған ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеуге арналған Соллал 2023 салтанатты іс-шарасы өтті
Іс-шараға ҚКҚ және АКҰО-дағы барлық қоғамдық шығармашылық ұжымдардан 500-ден астам адам қатысты, осы кеште Роза Рымбаева өнер көрсетті.
Дәстүр бойынша, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры театрландырылған қойылым қойып, өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.
Құрметті қонақтардың қатарында: Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Корея Республикасының Бас консулы Пак Нэ Чхон болды.
Іс шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан корейлер қауымдастығы мен Алматы Корей ұлттық орталығына алғыс айтамыз
Осы мерекеде бізбен бірге болғандарыңыз үшін, барлығыңызға алғыс айтамыз