11 және 13 қаңтарда Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрына Корея Республикасынан делегациясы келді.
11 қаңтарда Корея Республикасының университеттерінен профессорлар театрға келіп, театрдың мұрағаттық материалдарын цифрландыру мүмкіндігімен танысып,алда атқарылар істерді талқылады.
13 қаңтарда Сонгонхвэ университетінің профессоры, Ислам мәдениеті орталығының директоры Ли Хису бастаған 20 адамнан тұратын профессорлар мен кәсіпкерлер тобы театрдың ұжымымен және мұражайымен танысу үшін театрға келді.
Біздің өнер шаңырағына ықылас танытқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз, театрымызға келген әрбір қонақты қуанышпен қарсы алуға дайынбыз!