Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Ли 50 жылға жуық кино саласында еңбек етіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол қазір Корей музыкалық театрында режиссер. Жарты ғасырға жуық шығармашылық жолында 40-тан аса картинаға түскен. Бір қызығы, Олег Ли алғашында мүлде басқа мамандықты таңдаған.