Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрының 90 жылдығына орай Алматы қаласының Бас Консулы Кореядан арнайы әкелінген ағаштың көшетін театрға сыйға тартқан болатын. 2022 жылы 6 қазанда Бас консулдығының қатысуымен театрда салтанатты түрде осы ағашты отырғызу шарасы өтті.
Бұл ағаш Гибискус (Мугунхва) деп аталады. Гибискус төзімділікті, жаңаруды және шексіз өркендеуді білдіреді, әрі ол Оңтүстік Кореяның ресми символы болып табылады. Бұл ағаштың театрға сыйға тартылуының осындай мәні бар. Бас Консул театрға бұдан да әрі даму мен өркендеу тіледі.