Елордадағы “Астана балет” театрында “Алатау тауларындағы таңғы балғындық” атты спектакльдің премьерасы болды. Спектакль корей тілінде болды, кейіпкерлердің диалогтары мен әндері орыс тіліне синхронды аудармамен аударылып отырды.
Қоюшы режиссерлер Елена Ким мен Кан Те Сиктің пікірінше, ғашықтардың тарихы ежелгі Кореядан басталып, қазіргі Қазақстанда жалғасын тапты. Көрермендер бір уақыт кеңістігінен екіншісіне куә болғандай әсер алды, мұның барлығы уақыт машинасының көмегімен емес, өнердің арқасында жүзеге асты. Ерекше барабан шоуы, би және корейлік “Пансори”операсының сүйемелдеуі, сахнаның техникалық безендірілуі көрерменге ұмытылмас таңғажайып сыйлады.
Спектакльді дайындауға бір жыл уақыт кетті. Қазақстан мен Оңтүстік Корея әртістерінің бірлескен жаттығулары Алматыдағы корей театрының сахнасында өтті.
“Біз өзіміздің шынайылығымызды, тарихи негізімізді сақтадық. Бұл Қазақстанның салиқалы мәдени саясатының нәтижесі. Корея Республикасынан сегіз әртіс қатысты. Барлық шығармашылық құрамда 52 адам болды”, – деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген қайраткері Любовь Августовна Ни.
[woowgallery id=”7783″]