Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері
1916-1987
С. Синханчон, Примор өлкесі
Театр суретшісі
Еңбек жолын 16 жасар жасөспірім кезінде “Далзавод”кеме жөндеу зауытында бастады. Осы жерде курс бітіріп, Ильич зауытының клубында суретші болып жұмыс істей бастады.
1938 жылы депортациядан кейін жас жігіт білім алуға шешім қабылдады және Ташкент көркемсурет училищесіне түсіп, оны үздік бітірді.
1942 жылы Георгий Михайлович корей театрының бас суретшісі қызметіне тағайындалды. Ол сахнаны әшекейлермен безендіріп қана қоймай, сонымен қатар костюмдердің тігілуін бақылап, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге қамқорлық жасады, импровизацияланған материалдардан ерекше костюмдер жасады, олардан өзі де қажетті дүниелерді жиі тігіп отырды.
Ол “Отелло”, “Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу”, “Кремль куранттары” және т.б. спектакльдерін көркемдеген.
“Ойлы суретші” — сыншылар Георгий Михайлович Канның шығармашылығына осылай жоғары бағалады.