Бүгін еліміздің астанасында Елбасы және Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Төрағалық ететін Нұр Отан партиясының съезі өтті.
Съезд барысында ел Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасының қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды.
Нұр Отан партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кандидатты қолдап, Тоқаевқа “толықтай сенім артатынын” айтып, партия мүшелері мен қазақстандықтарды алдағы сайлауда оны қолдауға шақырды.
Мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының ұжымы Нұр Отан партиясының кезектен тыс XIX съезінің шешімін бірауыздан қолдайды.
Ни Любовь Августовна-театр директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, II дәрежелі “Достық” орденінің кавалері, ҚХА мүшесі, “Қазақстан театрлары қауымдастығының”вице-президенті.